RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Н. Тілендиевтің 100 жылдығына орай тағылымды шара өтті

20.10.2025, 21:25 314

Республика күні мерекесі қарсаңында Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде дарынды композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай тағылымды шара өтті.

Мақсат – елдің егемендік жолындағы тарихи сәттерін жас ұрпаққа таныстыру, мемлекетіміздің жетістіктерін насихаттау, танымал тұлғаларды үлгі ету. Іс-шара аясында Қазақстанның халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Нұрғиса Тілендиевтің мемориалдық музей қорынан алынған жәдігерлер – фотосуреттер, қолжазбалар, ноталар, жеке қолданған заттары, дирижерлік таяқшасы мен марапаттары қойылды. Сондай-ақ «Ақ жауын» камералық оркестрі композитордың танымал шығармаларын орындады.

Жомарт Симтиков, тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы:

- Ұлттық мереке ретіндегі Егемендік Декларациясына биылғы жылы 35 жыл толып отыр. Сол себепті де Егемендік Декларациясы бұл - тәуелсіздігіміздің негізгі фундаменті. Мұның маңызы да жалпы тарихта алатын ролі де өте жоғары.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz