RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде 350 мыңға жуық газ баллонның мерзімі өткен

21.10.2025, 15:46 296

Атырау, Ақмола, Жамбыл және Павлодар өңірлеріндегі жеке тұрғын үй секторларында өрт оқиғалары көбейген.

Бұған басты  себеп – халықтың пеш пен жылыту қондырғыларын қолдану кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптары сақтамауы. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, былтыр 70-тен астам газ баллоны жарылып,  шашамен 90 адам зардап шеккен. Бұдан бөлек 350 мыңға жуық тұрмыстық газ баллонының қолданыс мерзімі ескіріп, 50 жылдан асқан. Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов  пайдалану мерзімі өтіп кеткен, ескі баллондарды дереу ауыстырып, өртке қарсы шараларды күшейтуді тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Өткен жылыту маусымында өрттен қаза тапқандардың дені зейнеткерлер, жұмыссыздар, мүгедектігі бар адамдар. Өңір әкімдіктеріне ТЖМ және Еңбек министрлігімен бірлесіп 1 ай ішінде халықтың әлеуметтік осал тұратын топтардың тізімін нақтылауды тапсырамын. Өңір әкімдіктері осы санаттағы адамдардың үйлерін бақылауда ұстап, оларға қажетті қолдау көрсеткін. Сондай-ақ тұрмыстық газ баллондарын өндіру мәселеі де ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келеді.  Индустрия, Ұлттық экономика және Экология министрліктеріне осы жылдың соңына дейін тұрмыстық газ баллондарын өндіру мәселесін шешуді тапсырамын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz