RU
Толық нұсқаға өту

Елде Қазақстан есімді 28 адам бар

22.10.2025, 19:40 421

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде ерекше әрі мағыналы «Қазақстан» есімді 28 адам тұрады.

Олардың арасында бір әйел бар. Мұндай есімдердің көбі Қарағанды облысында тіркелген. Мұнда 7 адам тұрады. Солардың бірі - облыс орталығының тұрғыны Қазақстан Жарқын. 

Сирек әрі ерекше есім иесі Қазақстан Жарқын атасы мен әжесінің қолында өсті. Кішкентай кезінен үлкендер берген ғибратты есінен шығармай,  өз атына сай болуға тырысты.

Қазақстан Жарқын, қала тұрғыны:

- Менің есімімді Қазақстан деп әжем қойған, 90 жасында. Осы тәуелсіз мемлекетіміздің есімін бергісі келіпті. Патриот болған кісі. Білдей бір тәуелсіз мемлекеттің есімі болғандықтан салмағы, жауапкершілігі мол. Отанымыздың алдында борышымды да атқарғанмын. Мемлекеттік қызметке де осындай мақсатпен тұрдым, мемлекетіміздің дамуына үлесімізді қосу үшін.

Қазақстан Жарқын Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №29 мемлекеттік мекемесінде жедел уәкіл болып істейді. Бұл барынша ұқыптылықты, кәсіби шеберлікті талап ететін жұмыс дейді.

Қазақстан Жарқын, қала тұрғыны:

- Иә, әркез жұмыстағы қиындықтарға дайын болып, жедел әрекет ету, алдын ала барлық ақпаратты біліп отыру керек. Сен алдын ала жедел жұмыс істеу керексің. Сол сияқты құжат бойынша да көп бізде. Арман көп қой енді. Арманым осы жолды таңдаған соң биік шыңдарға жету мақсатым бар.  

Қазақстан - табиғатынан салмақты, сабырлы дейді әріптестері. Қиын сәтте қолғабыс беретін адал дос. Жұмысына шын берілген, өз ісінің нағыз маманы. Ұжымдастары оны осы қасиеттері үшін ерекше сыйлайды.

Жансейіт Әбілқасымов, әріптесі:

- Жарқын Қазақстан өте тиянақты, жұмысына адал, патриот азамат. Өзі қазақ күресімен айналысады. Бізде ішкі істер органдары арасында сайыс болып тұрады. Сол сайысқа белсенді түрде қатысады. Өзге де спорт түрлері, футболдан, басқа да шараларға белсенді қатысады.

Қазақстан Жарқын - қазақ күресінен спорт шеберлігіне кандидат, бірталай республикалық турнирдің жүлдегері. Сондай-ақ футболды да жақсы көреді. Жұбайымен қазір бір ұл тәрбиелеп отыр.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz