RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Республика күніне арналған жиын өтті

23.10.2025, 16:15 368

Астанада Республика күніне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жиын «Қазақстанның мемелкеттік егемендігі мен тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» тақырыбына арналды. Конференцияда парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері мен ғалымдар бас қосты. Барлығы 300-дей адам жиналды. Қатысушылар мемлекеттік құрылым тәжірибесін жетілдіру, қоғамды демократияландыру бағыттары талқылады. Ал жиын соңында қатысушылар ғалымдарды жаңа мұрағаттық материалдарды зерделеп, Республика күнінің мән-мазмұнын кеңінен насихаттауға шақырды.

Еркебұлан Жұмашев, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, саяси ғылымдар бойынша PhD докторы:

- Біздегі реформалар да Қазақстанның қазіргі, сонымен қатар болашақтағы экономикалық, әлеуметтік-саяси нығайту бағытында жасалып отыр. Ол реформалар сәтті жүщеге асқан жағдайда Қазақстан тарихына да, Қазақстан мемлекетіне де, қазақстан мәдениетін де халықаралық арнада үлкен бір назар аударуға, қызығушылығын аударуға қазақстан тәжірибесін зерттеуге импульс береді.

Қайрат Сарыбай, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің бас хатшысы:

- Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы әлем елдерімен терезесі тең әрі сыйлы мемлекет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы сыртқы саясаты алыс-жақын көрші мемелкеттердің қолдауын табуда. Демек ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған ұлы арманы мен мақсаты орындалды. Біздің ел өз тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап өзінің  қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты көрсетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz