RU
Толық нұсқаға өту

Мереке қарсаңында әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

24.10.2025, 21:00 560

Республика күніне орай еңбегі еленген жандардың қатарына әлеуметтік-еңбек саласының қызметкерлері де қосылды.

Президенттің атынан мемлекеттік награданы Премьер-Министр Олжас Бектенов табыстады. Марапаттау рәсімі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған халықаралық форумда өтті. Бұл басқосудың ауқымы ерекше. Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, Халықаралық Еңбек, Халықаралық көші-қон, ЮНИСЕФ секілді белгілі ұйымдар қатысты. Жиында сөз сөйлеген Үкімет басшысы мемлекет басшысының бастамасымен әлеуметтік қызметкерлерге барынша жайлы жағдай жасалатынын атап өтті. Мәселен, бүгінде бұл салада 40 мың маман еңбек етуде. Олардың ішінде арнайы педагогтар, медицина және әлеуметтік қызметкерлер бар. Соңғы төрт жылда олардың жалақысы 2 есеге өскен. Жұмыстың қиындығы мен күрделігі ескеріле отырып, жұмысшылардың мәртебесі де көтеріліп жатыр.

Нұргүл Дүкенова, Абай облысы Ақсуат ауданы бойынша әлеуметтік қызметкер:

- Мен бұл салада 30 жыл 5 ай қызмет етіп келемін. Бүгінгі еңбегімізді елеп, марапаттап жатқан еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа көп-көп рақмет айтамын. Әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтаймын. Дендеріне саулық, отбасыларына амандық, әрбір шаңырақта шаттық болсын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz