RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда 38 адам мемлекеттік наградамен марапатталды

24.10.2025, 21:30 408

Олар өнеркәсіп, білім, медицина және әлеуметтік салада еңбек сіңірген жандар.

Республикa күні қарсаңында ел дамуына қосқан үлестері жоғары бағаланып, салтанатты шара өтті.

Серік Теміров Саран шахтасында комбайн машинистерінің бригадирі. Жер астындағы көмір кенжарын опырып, қара алтынды қыр басына шығарады. Осынау қажымас қайратты, еңбекқорлықты талап ететін ауыр жұмысты 1989 жылдан бері істеп келеді. Өзі «Шахтер даңқы» орденінің толық кавалері. Майталман кенші бүгін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Серік Теміров, кенші:

- Жұмысыма аса жоғары жауапкершілікпен қараймын. Мамандығымды жақсы көремін. Шахтада еңбек қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтау маңызды. Жастарға бар білгенімді үйретуге тырысамын. Өзім бригадир болғандықтан ауысымға шығатын адамдардың өміріне жауаптымын. Бүгінгі марапат барлық кеншіге жасалған құрмет деп білемін.

Салатанатты жиында ел дамуына үлес қосқан 38 адам мемлекеттік наградамен марапатталды. Оларға «Қазақстанның еңбек ері», «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Құрмет» және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені табысталды.

Ермағанбет Бөлекпаев, облыс әкімі:

- «Республика» деген сөз «баршаға ортақ іс» деген мағынаны береді. Яғни қазақша айтқанда, ел болудың қамы. Халқымыз «егемен болмай, ел болмас» дейді. Осы жолда жеткен жетістіктеріміз де, көрген қиындығымыз да көп. Ендігі жерде егемендікті сақтап, тәуелсіздігімізді баянды етіп, келесі ұрпақтарға мықты мемлекетті мұра ету – барша саналы азаматтарға парыз. 

Қарағанды жылдан-жылға қарқынды дамып келе жатқан облыс. Индустриалды өңірдің өндіріс саласы цифрлық технологияларды кеңінен пайдаланады. IT-мамандарды даярлау бойынша да көшбасшылар қатарында. Жыл сайын университеттер мен колледждерді осы салада 600-ден астам студент бітіріп шығады.

Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz