Мереке қарсаңында марапат төрінен көрінгендердің қатарында түрлі сала майталмандары бар.
Атап айтсақ, темір жол, тау-кен метталлургиясы, энергетика, медицина, білім және ғылым қызметкерлері бүгін Президент атынан мемлекеттік наградаларға ие болды. «Парасат», «Құрмет» ордендері мен «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медалін еңбеккерлерге Премьер-министр Олжас Бектенов салтанатты түрде табыс етті. Бұл төккен тер мен адал еңбектің лайықты бағасы. Әрқайсының ел дамуына қосқан үлесі өлшеусіз.
Мұрат Сабыр, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:
- Білім саласы бұл мемлекетіміздің негізгі саласы. Біз зияткер ұлт тәрбиелеуде өркендеп дамып, заманауи білім беру саласныда көптеген ұстаздарымыз еңбек етіп жатыр. Біздің міндетіміз тек қана тәрбие емес және де білім-ғылым саласына тәрбиелеу.
Тегтер #республика күні #24KZ #маман #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz