Республика күніне орай Алматыда да мемлекеттік наградалар табысталды.
Марапат иелері қатарында дәрігерлер мен ұстаздар, мәдениет қызметкерлері, кәсіпкерлер, еңбек ардагерлері мен қоғам белсенділері бар. Салтанатты жиын барысында қала әкімі Дархан Сатыбалды Республика күні ел бірлігі мен тұтастығының, рухани қуаты мен ұрпақтар сабақтастығының нышаны екенін атап өтті.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Қазақстан экономика, ғылым мен білім, денсаулық сақтау, мәдениет және дипломатия саласында нық әрі сенімді қадаммен алға басты. Бүгінде еліміздің халықаралық аренада беделді орны бар. Биыл Егемендік туралы декларацияға - 35 жыл. Әрбір жетістік ел еңбегінің жемісі. Атап айтқанда, дәрігер, ұстаз, инженер, кәсіпкер мен еңбек адамы болып туған жердің гүлденуіне үлес қосып келеді. Сол жандардың бірқатары мемлекеттік наградаға ие болды.
Базарбай Әбілқазы, "Алматы тазалық" МКК жұмысшысы:
- Мен өзім Қытай мемлекетінде туып өсіп сол кезеңде жүрегімнің түкпірінде осы Қазақстанға барсам көше тазалап істесем де еңбегім сіңсін деп үмітпен келгенмін. Сол үмітіммен міне Алматы тазалығына істедім. Сол еңбегімді президентімізге мыңда бір алғысымды айтамын.
Мерекеге орай Республика сарайында үлкен конерт ұйымдастырылды. Сахнада Халық артисі Әлібек Дінішев, Дос-Мұқасан ансамблі бастаған өнер жұлдыздары патриоттық әндерді шырқады.
Арман Халбеков, қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары:
- Патриоттық мереке. Бұл мерекенің басты ерекшелігі яғни осы бүгін 2500 мыңнан астам азаматқа арналған. Осы республика сарайында концертіміз ұйымдастырылып жатыр.
Республика күні Алматыда кең көлемде атап өтіледі.100 ден аса патриоттық іс-шаралар, мәдени фестивальдар, спорттық ойындар мен волонтерлық жобаларды өткізу жоспарланған.
Қарлығаш Қайыпбекова, Әбен Нарымбаев
Тегтер #республика күні #Алматы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz