Бүгін Сеулдің орталығында көпмәдениетті фестиваль аясында өткен бейбіт шеруге қазақстандықтар қатысты. Іс-шараның мақсаты корей қоғамының көпұлтты сипат алғанын көрсетіп, өзге этнос өкілдеріне түсіністікпен қарауға шақыру.
Елімізді Сеулдегі жоғары оқу орындарында білім алып жүрген студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері таныстырды. Олардың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан Оңтүстік Корея қоғамында танымал әрі құрметті елге айналды. Отандастарымыз саябақ аумағында шамамен алты шақырым жолды жүріп өтті.
Ақсәуле Сандыбай, Ханьян университетінің студенті:
- Профессорлардың айтуындай өте әдемі ел, табиғаты бай. Адамдар да жақсы, шетелдіктерге жақсы қарайды деп айтады.
Тегтер #фестиваль #Сеул #Оңтүстік КореяPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz