RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысында ауылдар ауыз сумен толық қамтылады

29.10.2025, 09:00 335

Қостанай облысында тағы бір ауыл орталықтандырылған су желісіне қосылды.

Маяк елді мекенінде 16 шақырым құбыр тартылып, барлық үйге су кіргізілді. Жалпы Мемлекет басшысының халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл өңірде 66 жоба қолға алынған.

Сарыкөл ауданының  Маяк ауылында бұрын су құбыры болған. Бірақ әбден тозығы жеткендіктен жиі істен шығатын. Сондықтан жергілікті тұрғындар 3-4 жыл бойы тасымал суды тұтынып келді.

Берік Қапсұлтанов, Маяк ауылының әкімі:

- Сарыкөлден әкеліп жүрді. Жетісіне екі реті әкеліп жүрді. Қалған суды біз аварийный емкость болып, соған құйып алатынбыз. Жетпеген адамдарға сенбі, жексенбіде халық келіп алатын. 

Ішкі желіні жаңарту жұмыстары екі жыл бұрын басталған. Осы аралықта 16 шақырым құбыр тартылып, барлық 168 үйге су кіргізілді. Өркениеттің игілігіне қол жеткізген ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

Ысқақ Баймұратов, Маяк ауылының тұрғыны:

- Бұрын өте қиын болды. Флягпен таситынбыз. Қыстүгіні өте қиын болатын. Енді осы су кіргізгеннен бері, рахатқа баттық. Міне келіп тұр, ыстығы да бар, суығы да бар.Бәр келіп тұр. Ғажап.  

Барвинов пен Комсомол ауылына да орталықтандырылған су желісін тарту аяқталуға жақын. Қос елді мекенде шамамен 3 мыңға жуық адам тұрады. Бізде тұрғындарды сапалы таза сумен қамту мәселесі толық шешілді, дейді аудан әкімі Марат Шымырбеков.

Марат Шымырбеков, Сарыкөл ауданының әкімі:

- Бізде 23 ауыл орналасқан. 23 ауылдың былай орталықтандырылған сумен қамтасыз ету жағын айтқанда 96,6 пайызды құрайды. Бұл жерде шағын 5 ауылымыз бар. Сол бес ауылда су тарату жүйесі орнатылған.  

Облыс бойынша биыл 23 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Жеті елді мекеннің ескі құбырлары ауыстырылады. Әзірге ауыл тұрғындарының 93 проценті сапалы ауызсу тұтынып отыр. Жауапты басшылар көрсеткішті «жыл аяғына толық қамтимыз» дейді.

Мағауия Қалиев, Сергей  Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz