RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде сырнайшылар фестивалі өтті

29.10.2025, 18:17 351

Ақтөбеде «Шырқа, сырнай!» фестивалі өтті. Өнерпаздардың дәстүрлі байқауында Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары шырқалды.

Қурайлы мәдениет үйінің сахнасында 70-ке жуық сырнай мен аккордеон шебері өнер көрсетті. Олар қос композитордың тыңдарман жүрегінен орын алған танымал туындыларын орындады. Фестивальдің мақсаты – біртуар тұлғалардың өміршең шығармаларын насихаттап қана қоймай, әмбебап музыкалық аспаптарды да дәріптеу.

Сандуғаш Таубаева, Қурайлы мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:

- Биыл фестивальді Нұрғиса Тлендиевтің 100 жылдығы мен Шәмші Қалдаяқовтың 35 жылдығына арнадық. Ұлы композиторлардың өнерін, өмір жолын дәріптеу, сонымен қатар өңіріміздегі барлық сырнайшылардың өнерін дәріптеу. Тәжірибе алмасу өзара. Бұл фестивальда 17 жастан бастап 70-тен асқан зейнеткерлер де бар.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz