RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Depositphotos.com

Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасынан 4 мыңнан астам адам зардап шекті

30.10.2025, 10:35 383

Шымкент қаласында «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша сот үкімі шықты. Тергеуді ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті жүргізді, деп хабарлайды 24KZ, Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен.
Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен жүзеге асырылып отырған.

Нәтижесінде қаржы пирамидасына 4 мыңнан астам азамат тартылған.
Күдіктілер салымшылардан түскен ақшаны қымбат автокөліктер, жер телімдері мен пәтерлер сатып алуға жұмсаған.

Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар сот шешімімен 402 млн теңге көлеміндегі қаражат, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым мемлекет пайдасына тәркіленді.

⚠️Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz