RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық 47%-ға азайған

30.10.2025, 13:30 320

Елде соңғы бес жылда тұрмыстық кикілжің салдарынан тіркелген қылмыс саны 47 пайызға азайған. Ал биылғы бес айдың өзінде отбасындағы адам өлімі 34%-ға кем болды. 

Орташа дәрежедегі зиян келтіру 34%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы 30%-ға төмендепті. Заң бұзған 46 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылып, олардың әрбір үшіншісі қамауға алынған. Сондай-ақ ақпараттандыру жұмыстары да өз нәтижесін беріп жатыр. 111 бірыңғай желісіне 2023 жылы 316 қоңырау түссе, биылғы жарты жылдың өзінде түскен қоңырау саны мың жарымнан асады. Тұрмыстық-зорлық зомбылыққа қарсы заң өзгергелі Ішкі істер министрлігінің жұмыс істеу алгоритімі де өзгерген. 

Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы:

- 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық фактлерін арыздану сипатынан анықтау сипатына көшірдік. Бұрын бірнеше рет сотта да және сотқа дейін де татуласа беретін. Қазіргі таңда тек қана сотта және бір-ақ рет татуласуға мүмкіндік бар. Татуласуға да шектеу қойылды. Сондықтан қазір 90 пайыздан астам оқиғаларға шара қолданылып, құқық бұзушылардың барлығы жауапкершілікке тартылып жатыр деуге болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz