RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде оқушылар қашықтан оқуға көшуі мүмкін

31.10.2025, 08:08 345

Өскеменде мектеп оқушыларын қашықтан оқытуы мүмкін. Өйткені өндірісті шаһарда желсіз күндер көбейіп, көк түтін басып қалатын кез жиілеп кетті.

Бұл мәселені тұрғындар, әкімідік, білім басқармасы өкілдері бірігіп шешпек. Мамандар оқушылардың денсаулығын қорғау үшін мектептердің қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қашықтан оқытуға көшу құқығын заң жүзінде бекіту қажет деп отыр. Осы айда Өскеменнің аспаны ашық болған кез аз тіркелді. Жалпы 18 күн қолайсыз метеорологиялық күн жарияланды. Ал жыл басынан бері 105 рет осындай хабарлама таратылды.

Руфия Смаилова, қала тұрғыны:

- Біз міне шеткері ықшам ауданда тұрамыз. Жағдай біршама жақсы алайда қала орталығында керісінше. Демалу мүмкін емес. Өйткені ірі зауыттардың барлығы сол жақта. Тұратын кісі де көп.

Көк тұман жайлай бастағанда экологтар да құрал-жабдықтарын көтеріп ірі өндіріс орындарын тексеруге шығады. Үнемі болмаса да, ауа құрамында күкірт диоксиді,күкіртсутек пен өте ұсақ бөлшектердің  шекті рұқсат етілген мөлшерден асуы байқалып тұрады.

Тымық күндері жағдай тіпті ушығады. Сондықтан тұрғындар самал желдің соғуын асыға күтеді. Алайда оның да көмегі шамалы. Өйткені өндірісті қала осындай тау ортасында шұңқырда тұр. Шыққан түтін, де тұман да шаһар аспанын торлап алады.

Мұндай кезде ата-аналардан шағым көбейеді. Сондықтан облыстық білім басқармасы әкімдікпен және экология депанртаментімен бірлесіп,оқушыларды қашықтан оқыту алгоритімін құрып жатыр. Өйткені өлкеде желді,аязды күндері онлайн режімге ауысудың нақты талаптары болғанмен, ауа құрамының ластануына байланысты сабақты шегеру тәртібі бұрын-соңды болмаған.

Жанғазы Әліпбаев, облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары:

- Шектік концентрация көлемі де көрсетілмеген. Соған байланысты қазір ақылдасып шешіп жатырмыз егер де мысалы, үш күн қатарынан болған жағдай болса көшіреміз бе деген сияқты. Балаларды  қашықтан оқытуға қандай көрсетілім керек, соған байланысты қазіргі уақытта алгоритм жасалып жатыр.

Әкімдік ауа құрамын  тексеретін заманауи  жылжымалы зертхана сатып алмақшы. Көгалдандыруға көңіл бөліп, қоғамдық көлік қатарын электроавтобустармен толтырмақ.  Ал экологтар болса,  автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатпаған ірі зауыттарға қатысты талапты күшейтті.

Меруерт Жарлығасымова, облыстық Экология департаментінің бөлім басшысы:

- Он кәсіпорын  әлі күнге дейін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Экология депратментімен тексерістер жүргізіліп айппұл салынды Уақыт берілді оларға бірінші жартыжылдықта 2026 жылдың жартыжылдығын дейін орнату ұсынымы берілді.

Биыл түрлі экологиялық заңбұзушылықтар бойынша ондаған кәсіпорын басшылығы жауапкершілікке тартылды. Оларға жалпы 2 миллард теңге көлемінде айппұл салынды.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz