Президенттік жастар кадр резервіне 50 адам қабылданды.
Маусым айында басталған іріктеуге биыл 31 мыңнан аса азамат өтінім білдіріп, тек 7436 үміткер қатысушы тізіміне ілікті. Нәтижесінде 100-ден астам кандидат бес кезеңнен өтіп, мемлекеттік саланы дамытуға қатысты жобаларын таныстырған. Олардың қатарында білім магистрлері, Болашақ бағдарламасының стипендианттары мен мемлекеттік басқару академиясының түлектері бар. Соңғы іріктеуден тек «жүзден жүйріктері» ғана суырылып шықты. Айта кету керек, резерв мүшелері басқарушылық құзыреттерді дамытуға бағытталған заманауи оқыту бағдарламаларына қол жеткізе алады. Әрі үш жыл ішінде резервшілер саяси мемлекеттік қызметтерге, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына, сондай-ақ «Б» корпусының басшылығы қызметіне тағайындалуы мүмкін.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
- Мемлекет басшысы Жастар кадрлық резерві дегеніміз бұл мемлекеттің резерві. Мәселе үлкен бастық болуда емес, резерв өкілі болудың мәні ел үшін аянбай еңбек етуде деген болатын. Жастарымыздың бойындағы тасқындаған күш жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет бағыттау кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру агенттіктің стратегиялық мақсаттарының бірі.
Жасұлан Бостандықұлы, президенттік жастар кадр резервінің мүшесі:
- Мен енді Предизенттік кадрлық резервқа 2019 жылдан қатысып келе жатырмын. Биыл ғана кадрлық резерв мүшесі болу бұйырыпты. Әрине әр кезеңнің өз қиындығы бар. Бірінші мәтіндік жағынан болсын, логикалық жағынан сынау, ситуация жағынан дайын болу, кадр жағынан стреске төзімділік сынды жан-жақты бізді бақылады. Бұл енді осы уақытқа дейін жинаған тәжірибе мен білімнің жемісі деп білемін өз басым.
Тегтер #Президенттік жастар кадр резерві #адам #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz