«Бүгінде елде жылына 4 млн тоннадан астам күкірт өндіріледі. Алайда оның басым бөлігі шикізат түрінде ғана экспортталады.
Бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз әрі экологияға зияны орасан», - дейді мамандар. Ғалымдар минералды кәдеге жарату технологиясын ойлап тапты. Оған Аризона университетінің профессоры Джефф Пьюн жетекшілік етті. Жоба ыдыраған күкірттен жаңа өнім алуға мүмкіндік береді. Ғалымдар тобының бұл жаңалығы патенттеліп, 70-тен астам ғылыми мақала жарық көрген. Ол еліміздегі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен бірлесіп жүзеге асырылады.
Джеффри Пьюн, Аризона университетінің профессоры:
- Бұл Манаш Қозыбаев атындағы университетті әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу орталығына айналдыруға бағытталған бастама. Бірақ ол өзара тиімді серіктестік негізінде жүзеге асады. Аталмыш оқу орны ауыл шаруашылығы саласына бейімделген, ал біз күкірт химиясы саласындағы тәжірибемізді енгізіп, оны бірлесе әзірлеуге ниеттіміз. Менің ойымша, бұл ғылымды нақты коммерциялық өнімге айналдыруға тамаша мүмкіндік.
Тегтер #Хабар #жаңалықтар #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz