RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында егін орағы аяқталды

03.11.2025, 07:56 357

Ақмолалық диқандар рекорд жаңартты. Өңірде егін орағы аяқталып, шаруалар 7,6 млн тонна өнім жинады.

Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,5 млн тоннаға көп. Егіннің орташа өнімділігі гектарына 16 центнерден айналды. Астықтың бітік шығуына ең алдымен қолайлы күн райы мен агро-технологияларды дұрыс пайдалану себеп дейді мамандар. Жалпы облыс бойынша 5,5 млн гектар алқапқа дән себілген. Егістікті әртараптандыру нәтижесінде майлы дақылдар үлесі екі жарым есе артты. Биыл шаруалар мемлекет тарапынан 240 млрд теңге қаржылай қолдауға ие бодлы. Оның 60 млрд-ы қайтарымсыз субсидия.

Нұрбек Бадырақов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда біздің астық қабылдау кәсіпорындарына түскен  дәнді-дақылдардың 75 пайызы жоғары, үшінші классты бидайлар болып табылады. Және жоғары бағамен сатылатын хайпро бидайлары. Жалпы, облыста сыйымдылығы 7,2 млн тонна құрайтын астық сақтау қоймалары бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz