RU
Толық нұсқаға өту

Солтүстікте 6,5 млн тонна бидай жиналды

03.11.2025, 08:00 331

Солтүстік Қазақстан облысында да орақ науқаны аяқталып қалды.

Ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәлімет бойынша, өңірде 6 жарым млн тонна бидай жиналды. Бұл жалпы егістік алқаптың 99 пайызы. Қазір диқандар егінді астық қабылдау орындарына тапсырып кептіріп жатыр. Облыс бойынша орақ науқанына 7 мың комбайн жұмылды. Биыл күзгі дала жұмыстарына Үкіметтен арзандатылған бағамен 82 мың тонна жанар-жағармай бөлінген. Өңірде 50-ге жуық элеватор жұмыс істейді. 

Мұрат Қаражұманов, механизатор:

- Таңның атысы, күннің батысы тез өтіп кетеді. Таң атқанын білмейміз. Күн батып қалады. Сол жұмыспен жүре береміз. Жасымыз келсе де, трактор тізгінін ұстасақ бала сияқты жүгіріп кетеміз. Биыл егіннің шығуы да жақсы болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz