RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда ТЖД басшысының үш орынбасары қылмыстық жауапқа тартылды

03.11.2025, 13:48 386

Алматыда төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш бірдей орынбасары қылмыстық жауапқа тартылды.

Сондай-ақ жеткізілген жабдықтың сапасы мен сәйкестігіне тиісті бақылау жүргізбеген техникалық қадағалау мамандары да жаза арқалады. Еске сала кетсек, былтыр 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болған еді. Сол кезде автоматтандырылған ескерту жүйесі іске қосылмай, халық уақтылы құлақтандырылмаған. Осы жағдайға қатысты Алматы қаласының прокуратурасы тексеру жүргізді. Нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру белгілері анықталды. Алматы гарнизонының әскери соты айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды бас бостандығынан айыру және мемлекеттік, әрі квазимемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz