Каспий жағалауында итбалық қырылып жатыр. Форт-Шевченко ауылының тұрғындары өлекселерді кездейсоқ көріп қалып, уәкілетті органға хабар берген.
Балық инспекторлары Түпқараған ауданы жағажайын әуеден және қайықпен бақылау кезінде 112 өлі итбалыққа тап болды. Олардың көбі Баутино мүйісіне дейінгі аумақтан анықталып отыр. Жұмыс тобы сол жерде тексеру жүргізуге кірісті. Экологтар теңіз суынан және бірнеше өлекседен сынамалар алған. Жалпы биыл мамырда осы аудандағы екі ауылдың маңынан 200-ден астам итбалықтың өлексесі табылған.
Сағадат Өмірханова, Балық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Гидробиология және экология институтының қызметкерлері экспедиция жүргізіп жатырған. Маңғыстау облысының әкімдігімен итбалықтарды қорғау мақсатында алгоритм құрылды және жұмыс тобы құрылды. 2025-тің көктем айларында жалпы 284 итбалық өлексесі анықталды. Ешқандай жұқпалы аурулар немесе теңіз суының ластануынан болды деген ешқандай қорытынды болған жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Каспий #экологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz