RU
Толық нұсқаға өту

15 желтоқсан – «Түркі тілдерінің дүниежүзілік күні»

05.11.2025, 08:41 549

15 желтоқсан «Түркі тілдері отбасының дүниежүзілік  күні» деп жарияланды. Бұл шешім ЮНЕСКО-ның Самарқанда өткен 43-ші бас конференциясында қабылданды. Басқосуда сөз алған Түркияның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілі Гүлнур Айбет бастаманы Түркия мен өзге түркі мемлекеттері бірлесіп әзірлегенін атап өтті.

Оның айтуынша 200 млн-нан астам адам сөйлейтін түркі тілдері ортақ тарих пен құндылықтарды дәріптейтін мұра. Айта кетейік, атаулы дата Орхон жазбалары алғаш ғылыми айналымға енген күнмен тұспа-тұс келеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл шешім түркі әлемінің рухани бірлігін арттырып, жас ұрпаққа ана тілінің қадірін ұғындыруға жол ашады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz