Жетісу облысында биыл 97 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Ауыл шаруашылығы алқаптарының басым бөлігі Ақсу ауданына тиесілі. Онда игерілмей жатқан 33 мың гектар жайылым, шабындық пен егістік анықталып, жер қорына алынды. Одан кейінгі кезекте Алакөл, Кербұлақ аудандары тұр. Нысаналы мақсатта пайдаланылмаған жер телімдері келесі жылы ауыл тұрғындарының қоғамдық қолданысына беріледі. Немесе ауыл шаруашылығын өркендетіп отырған қожалықтарға конкурстық негізде үлестіріліп, қайта айналымға енгізіледі.
Аман Айдынұлы, облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы:
- Жетісу облысы бойынша 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 598 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. 418,6 мың гектар қайта айналымға енгізілді. Оның ішінде 150 мыңдай жерлер жеке ауладағы мал басын жаю үшін, ал шамамен 270 мың га жерлер фермерлер мен шаруа қожалығымен айналысам деген азаматтарға конкурспен берілді.
Тегтер #Жетісу облысы #жер мәселесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz