«Astana Media Week - 2025» медиа апталығы аясында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат журналистердің кәсібилігін дамытуға, халықтың медиасауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ елдің медиа саласына заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізуге бірлескен бастамаларды іске асыруды мақсат етеді. Astana Media Week - 2025 жұмысы бүгін де жалғасып жатыр. Бағдарламаға бойынша қатысушыларға арналған түрлі шеберлік сабақтары өтеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Astana Media Week 2025 #мәдениет #ынтымақтастықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz