RU
Толық нұсқаға өту

Биыл 60 мың азамат баспаналы болды

07.11.2025, 17:40 367

Жыл басынан бері Отбасы банк арқылы 60 мың азамат ипотека рісімдеген. 

Берілген несиелердің жалпы көлемі 1 трлн теңгеден асты. Бұл былдтырғы көрсеткіштен 40 пайыз көп. Олардың арасында ғылыми қызметкерлерге арналған бағдарла арқылы пәтерлі болған 191 ғалым, баспана кезегінде тұрған 5 мың азамат пен «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламалары арқылы ипотека рәсімдеген 7 мың отандасымыз бар. 

Баспаналы болғандардың жартысынан көбі 35 жасқа толмағандар. Отбасы банк баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 млн қазақстандық үйге ақша жинап жүр. Күн сайын 2,5 мың депозит ашылып, 200 жаңа несие беріледі.

Отбасы банк ипотекасын алғандар

Жыл басынан бері – 60 мың отбасы

Берілген қарыз көлемі – ₸1,25 трлн

191 адам – ғалымдар

4 935 адам баспана кезегінде тұрғандар

7 038 адам «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша

3,2 млн адамның Отбасы банкте депозиті бар

Күніне 2,5 мың депозит ашылады

Күніне 200 ипотека  беріледі

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz