Ақтауда волонтерлер мен студенттер жастар саябағына 100 түп қайың мен мамыргүл көшетін екті.
Қаланы көгалдандыруға қаржы ұйымдарының қызметкерлері де білек түре атсалысты. №32 ықшам ауданында егілген жасыл желек өңір климатына төзімді. Еріктілер жас көшеттерді күнделікті баптап-суару жұмыстарына жауапты коммуналдық мекемеге қажетінше көмек қолын созуға да ниетті. «Таза Қазақстан» эконауқаны аясында қолға алынған игі шараға алпысқа жуық адам қатысты.
Нұрдәулет Оралбаев, студент:
- «Таза Қазақстан», «Таза Маңғыстауға» үлесмізді қосып жатырмыз. Бұл саябағымызды өзіміз кеңейтіп, талдарды қаншалық неғұрлым көбейтсек, табиғатымызға да соншалықты әдемі әсер қосылады. Біз осы қоршаған ортаны жақсарту, тазалау керекпіз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таза Қазақстан #Ақтау #МаңғыстауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz