RU
Толық нұсқаға өту

Астана әуежайын дамыту үшін инвесторлар тартылуы мүмкін

07.11.2025, 23:08 377

Астана әуежайын дамыту үшін инвесторлар тартылуы мүмкін. Бүгінде ірі халықаралық корпорациялар қызығушылық танытып отыр.

Бұл туралы премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Әуежай жылына 9 млн-ға жуық жолаушы қабылдайды. Мақсат көрсеткішті орташе есеппен 12 млн жолаушыға жеткізу. Бүгінде ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу аяқталды. Шаһар әкімі Жеңіс Қасымбек әуе айлағының материалдық-техникалық базасын жетілдіру жоспарын баян етті. Жобада жаңа ұшу-қону жолағын салу, перрондар мен терминалдарды жөндеу, техникалық құралдарды жаңарту қарастырылған. Олжас Бектенов жауаптыларға елорданың авиациялық әлеуетін дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыру мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz