«Ауыл әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ».
Өңірлерде осындай тақырыппен ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр. Кезекті басқосу Алматы облысының Жамбыл ауданында өтті. Шара ауыл-аймақты дамытуға, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған. Форумды Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, «Ауыл» партиясы және Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырды.
Қазір ауыл әйелдері ұлттық құндылықтарды сақтаумен қатар жаңа заман талабына сай бейімделіп келеді. Яғни қосымша білім алып, кәсіп үйренуге құштар. Форумды ұйымдастырушылар осылай дейді.
Әйгерім Сәрсенбаева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі:
- Мақсатымыз ауылдағы әйелдердің мәселесін айту емес оларды шешу үшін нақты жолдарын көрсетіп отыру. Ауыл әйелдері жалпы біздің ауылдың тірегі деп айтамыз. Себебі олар отбасының ұйытқысы . Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысып, сонымен қатар балалар тәрбиелеп отыр. Сондықтан ауыл әйелдерін қолдау ауылды ды қолдау, яғни бұл біздің елдің келешегін қолдау деген сөз.
Бұл жолы форумға 350-ге тарта адам жиналды. Олардың арасында дәрігер, мұғалім, кәсіпкер мен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар бар. Солардың бірі Сәткен Райыс. Ол қолөнер шебері. Бәйдібек би ауылында тұрады. Зергерлік бұйымдарды өзі жасайды. 10 жылдан бері осы кәсіппен айналысады. Арманы - шеберханасын үлкейтіп, шәкірт тәрбиелеу.
Сәткен Райыс, кәсіпкер:
- Қазіргі таңда отбасының табыс көзі ауылда отырған әйелдердің де осындай бар талантымен кәсібін бастап мемлекеттің қолдауымен жақсы казіргі таңда көңіл бөлініп жатыр. Кәсібімізді қолдап жеңілдіктер жүріп жатыр.
Жиында айтылған ұсыныстар Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның назарына алынады.
Қарлығаш Қайыпбекова, Валентин Лобанов
Тегтер #Алматы облысы #ауыл #әйел #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz