Қазақстан желілік технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын дамыта түседі.
Президенттің АҚШ-қа жасаған сапары аясында еліміздің аймақтық цифрлық инновациялар орталығы ретіндегі рөлін нығайтатын құжатқа қол қойылды. Құжат алдағы бес жыл ішінде ЖИ инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруды көздейді. Саладағы жаһандық көшбасшы саналатын Cisco компаниясымен арадағы келісім, жасанды интеллект, цифрлық трансформация салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтады. Әрі жасанды интеллекттің экожүйесі қарқын алады. Демек киберқауіпсіздік күшейеді.
Аманбек Қайырбаев, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Халықаралық шарттар және govtech ілгерілету басқармасының басшысы:
- Қазақстан бүгінде Орталық Азиядағы технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтып, әлемдік серіктестермен ЖИ бұлтты шешімдер саласында тығыз ынтымақтастық орнатып келеді. Осы ауқымды бастамалардың бірі Cisco компаниясымен келісім. Cisco желілік технологиялар мен кибер қауіпсіздік саласындағы жаһандық көшбасшы болып саналады. Бұл серіктестік Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие. Компанияның басты қағитаттар сенім мен қауіпсіздік. Бұл құндылықтар біздің елде де ұзақмерзімді цифрлық даму стратегиясымен толық үйлеседі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #киберқауіпсіздік #технология #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz