RU
Толық нұсқаға өту

Елдегі көліктердің басым бөлігі ескірген

10.11.2025, 13:00 409

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде алты жарым миллионнан астам темір тұлпар бар.

Сондай-ақ, 9700 жүк көлігі, 1500 автобус пен 3500 мотоцикл тіркелген. Көліктердің жай-күйіне тоқталсақ, басым бөлігі ескірген. Жеңіл машиналардың 41 пайызы 20 жылдан аса қолданыста болған. 24 пайының жасы 10 мен 20 жыл аралығында. Қолданыста жүргеніне 3 жыл мен 7 жыл аралығы болған темір тұлпарлардың үлесі 17 процент. Сондай-ақ су жаңа яғни 3 жылға жетпеген көліктердің үлесі небары 7 пайызға жуықтайды.

2025 жылы 6,7 млн көлік тіркелген:

Жүк көліктері – 9  700

Автобустар – 1  500

Мотоциклдар – 3  500

Елдегі көліктердің жасы:

41,5% – 20 жылдан астам уақыт пайдаланылған көліктер

24% – 10-20 жыл аралығында қолданылған

10% – 7-10 жылдық көліктер

17% – 3-7 жылдық көліктер

6,8% – жаңа көліктер (3 жылға жетпеген)

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz