Солтүстік Қазақстан облысында 10 мыңға жуық үй жануарына вакцина салынбағаны анықталды.
Бірақ жергілікті ветеринарлар оларға екпе егілді деп жалған есеп тапсырған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Қадағалаушы органның тексерісі нәтижесінде ветеринарлық қауіпсіздік саласында тағы бірнеше заңбұзушылық тіркелген. Атап айтқанда, Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Шал ақын және Мамлют аудандарында балық өнімдерін тасымалдауға құжатсыз анықтамалар берілгені белгілі болды. Қазіргі таңда өрескел заңсыздықтарға жол берген жауапты мамандарға қатысты тәртіптік және әкімшілік шаралар қабылданды.
Ғазиз Сауқомбаев, облыстық Прокуратура басқармасының прокуроры:
- Прокурорлық қадағалау актісі бойынша осындай фактілерге жол берген 15 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Одан бөлек олар мемлекетке келтірілген шығын көлемін толық қайтарып береді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #мал шаруашылығы #екпеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz