RU
Толық нұсқаға өту

Оралда волонтерлік форум басталады

11.11.2025, 13:50 346

Бүгін Орал қаласында жастар-волонтерлік форумы басталады. Шара Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы аясында ұйымдастырылып отыр. Жастар мен қоғамдағы белсенді азаматтардың басын біріктірген форум ел болашағына ықпал ететін жаңа көзқарастар қалыптастыруға, ортақ идея мен әлеуметтік жобаларға жол ашатын маңызды қоғамдық платформа болмақ. 

Сондай-ақ шара аясында еңбек нарығындағы үрдістерді, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру жолдары мен экологиялық жауапкершілікті және волонтерлік мәдениетті дамытудың тиімді тәсілдері талқыланады. Форумның мақсаты – аймақтық және шекаралық ынтымақтастықтың жаңа форматын дамыту, заманауи сын-қатерлерге ортақ жауап табу және ортақ құндылықтар негізінде тұрақты даму бағытын айқындау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz