Қант диабеті, балалар церебралды сал ауры және басқа да созылмалы аурулары бар науқастар үшін мемлекеттік көмектің толық көлеміне кепілдік беріледі.
Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді. Оның айтуынша, осы санаттағы азаматтар үшін дәрілік заттармен және басқа да медициналық көмекпен қамтамасыз етудің барлық кепілдіктері сақталады. Бұл сырқат түрлері келер жылдың қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қаржыландыруға көшіріледі. Десе де, азаматтар бұрынғысынша тегін көмекті ала береді.
Гүлнар Сәрсенбаева, медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры:
- Бұл ретте көмек көлемі өзгермейді. Тек қаржыландыру тетігі өзгереді. Бүгінде мұндай науқастардың саны 560-қа жуық. Олардың 92%-ы сақтандыру мәртебесіне ие. Жеңілдігі бар санаттарды құрайтын және мемлекет жарна төлейтін 11 млн азамат бар. Олар: балалар, жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар, жұмыссыздар, әскери қызметшілер, студенттер және басқа да азаматтардың барлығы қамтылады. Сақтандыру мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Тегтер #МӘМС #кепілдендіру #медицина #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz