RU
Толық нұсқаға өту

Талғарда «Жүректен жүрекке» фестивалі өтті

11.11.2025, 22:00 379

Алматы облысында талантты балалардың қатысуымен «Жүректен жүрекке» өнер фестивалі өтті.

Бұл шара мүгедектігі бар балалардың шығармашылығын паш ететін дәстүрлі алаңға айналды. Мәдени кеште 20-ға жуық дарынды бала ән салып, би биледі, сурет салып, қолөнер шеберлігінен өнер көрсетті. Фестиваль мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған айлық жоспар аясында ұйымдастырылды. 

Алматы облысының Талғар қаласында ерекше балалардың талантын қолдауға арналған «Жүректен жүрекке» фестивалі өтті. Бұл шара облыстың барлық аудандарынан келген балалар мен мүгедектігі бар жандардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге, қоғамда мейірім мен бірлікті нығайтуға бағытталған. Сахнаға 20 жас өнерпаз шықты. Солардың бірі 10 жасар Әли Бегалы. Ол танымал «Опера №2» шығармасын жанды дауыста орындап, көрермендердің ықыласына бөленді.

Әсем Сейтқанова, фестиваль қатысушысының анасы:

– Оған 10 жаста, диагнозы аутизм. Біз екі жылдан бері әнмен айналысып келеміз. Педагогымыздың айтуынша, ол Димаш сияқты жоғары ноталарды алады. Ең бастысы – баланың қызығушылығын табу және сол бағытта дамуды тоқтатпау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль ерекше балалар мен жастарға өз әлеуетін көрсетуге, шығармашылықтарын паш етуге мүмкіндік беретін ерекше алаңға айналды. Іс-шара жыл сайын "Кедергісіз қоғам" жобасы аясында өткізіледі.

Қуат Байғожаев, Алматы облыстық мәслихатының төрағасы:

- Өкінішке орай, біздің қоғамда осы мүгедектігі бар азаматтар, соның ішінде жастарымыз өте көп болып жатыр. Соларды қоғамнан бөлектенбеуі үшін толыққанды сол 12 мүшесі тең азаматтардай барлық білімде де, спортта да, мәдениетте де өздерінің өнерін көрсете алатындай мүмкіндік жасау.

Фестиваль соңында барлық қатысушыларға грамота мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама инклюзивті қоғам қалыптастыруға көмектесетін, қоғамдағы әрбір адамның құндылығын көрсетіп, барлық мүмкіндіктердің шексіз екенін дәлелдейді.

Гүлім Советхан, Аманжол Жонкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz