RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда кәсіпкерлер саны 30 есе өсті

12.11.2025, 15:53 394

Жыл басынан бері Қарағанды облысындағы салық төлеуші кәсіпкерлер саны 30 есе өсті.

Бұған бөлшек салық мөлшерлемесін 2 пайыз деңгейіне төмендету себеп болды. Яғни табысын жасырмай, салық төлейтіндер көбейген. Соның арқасында облыс бюджетіне кәсіпкерлерден түскен түсім 16 пайыз ұлғайып, 300 млрд теңгеге жуықтады. Өңірдегі шағын және орта бизнесте сауда саласының үлесі жоғары. Оның ішінде цифрлы сауда желісі қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін ішкі сауда айналымы 5 трлн 600 млрд теңгеге жетеді деген болжам бар. «Бұл – ел бойынша 4-ші көрсеткіш» дейді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. Жалпы биыл аймақ кәсіпкерлерін қолдауға 14,5 млрд теңге бөлінді.

Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:

- Біздің облыс алғашқылардың бірі болып бөлшек салық мөлшерлемесін 2 пайызға дейін төмендетті. Бүгінгі күні оның нақты нәтижесін көріп отырмыз. Салық төлеушілер саны 30 есеге өсіп, төрт мыңнан асты. Ал биылғы жылдың басынан бастап арнаулы салық режимі бойынша бюджетке түскен салық сомасы – 5,6 млрд теңге. Жаңа Салық кодексі енгізілгеннен кейін мәслихаттарға қолданыстағы ставканы – 2 пайызды сақтауға ұсынамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz