Биыл Алматыдағы Ұлттық кітапхананың құрылғанына 115 жыл. Ғимарат 1910 жылы қаладағы алғашқы қоғамдық кітапхана ретінде ашылған.
Кейін мемлекеттік мәртебе алды. Ал тәуелсіздікке қол жеткен соң ұлттық статусты иеленді. Осыған орай бүгін кітапхана ісінің негізгі бағыты - библиографияның маңызына арналған халықаралық конференция өтті. Библиографиялық жазбалар зерттеушілер үшін де, кітапхана қызметкерлері үшін де - ең басты құрал. Елдің баспа өнімдері, әдеби және ғылыми еңбектердің жүйеленген қоры. Сондықтан оның сапасы, мазмұны ғылымның талаптарына сай болуы қажет, - дейді мамандар. Жиында дерекқорларды, библиографиялық көрсеткіштерді цифрлық, форматта дамыту, халықаралық ғылыми қауымдастықпен кәсіби байланысты нығайту мәселесі қарастырылды. Бірнеше құнды еңбек таныстырылды.
Ертай Біләл, ҚР Ұлттық кітапханасы, сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қызметкері:
- Ұлттық кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің мамандары Міржақып Дулатұлының 140 жылдығана орай ұлттық библиографияның бастауы саналатын Міржақып Дулатұлының 1926-1927 жылдары Қызылорда қаласында жарық көрген «Қазақ тілінде басылған кітаптарды көрсеткіш» атты кітабын факсимилиямен жеке кітап ретінде жарыққа шығарып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #Ұлттық кітапханаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz