RU
Толық нұсқаға өту

Жөнсіз үгіт-насихатқа жол жоқ

12.11.2025, 19:45 447

Кәмелет жасына толмаған жеткіншектер арасында жөнсіз үгіт-насихатқа жол жоқ.

Атап айтқанда, әлеуметтік желі,  баспасөз ақпарат құралдары және өзге де бұқаралық алаңдарда дәстүрлі емес жыныстық қатынастар мен педофилияны насихаттауға тыйым салынады. Бүгін Мәжілісте осыған қатысты заң жобасы мақұлданды. Жобаны әзірлеген депуттаттардың пікірінше, бұл  балаларды жөнсіз ақпараттан қорғауға бағытталған қадам. Ал заңды бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады. Аталған түзетулер күшіне енген соң, Қазақстандағы кітаптар мен фильмдер арнайы сараптамадан өткізіледі.

Евгений Кочетов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

- Бұл түзетулер Конституциямызға қайшы келмейді. Жалпы, онда азаматтардың қандай да бір санатын кемсітуге, алалауға бағытталған ешбір бап жоқ. Конституциямызға сәйкес бұған тыйым салынған. Түзетулерге мұқият үңілер болсақ, онда тек дәстүрлі емес жыныстық қатынастың үгіт-насихатына қатысты ұғым енгізілген. Бұл жердегі үгіт-насихат азаматтардың бөлек санатын кемсітуді білдірмейді. Мұндағы пропаганда дегеніміз – кәмілет жасқа толмағандар арасында дәстүрлі емес жыныстық қатынастарға оң көзқарас қалыптастыруға үндеу. Осының аражігін жақсылап түсініп алған абзал. Яғни бұл жердегі нормалар алалап, бөліп-жаруға бағыталмаған. Адамның жеке өмірі – өз шаруасы. Бұл жерде еш мәселе жоқ. Тек балалардың арасында үгіт-насихат жүргізуге жол жоқ.

Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұлардың артында үлкен қаржылық күштер тұр. Шетелдік ұйымдар бар. Олар ашық түрде Мемлекет басшысының тарапына да айтылған сөздер бар. Біздің заңда ол өкілдерге тыйым салу жоқ. Бірақ тағы да айтамын, егер де ол өзінің біржынысты өкіл екенін насихаттап, өздерінің символдарын пайдаланатын болса бұл заңмен қудаланады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz