Келер жылдан бастап зейнетақы жарналарын төлемегендердің банк шоттары бұғатталады. Бұл жұмыс берушілерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жеке кәсіпкерлерге қатысты болмақ.
Үкімет тиісті қаулыға енгізілетін өзгерістерді бекітті. Мәселен, міндетті немесе кәсіби жарналар бойынша берешек көлемі 6 айлық есептік көрсеткіштен асса, бұл туралы салық органдары хабарлама жібереді. Борышкер берешекті 10 жұмыс күні ішінде өтемесе, оның банк шоттары бұғатталады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жеке кәсіпкерлер мен практиктер үшін арнайы салық режимдері қарастырылған. Олардың жарналары өздігінен есептеліп, бұл азаматтар айдың 25-не дейін тиісті жарнасын аударып отыруға тиіс.
Тегтер #зейнетақы жарнасы #үкімет #борышкерлер #24KZ #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz