RU
Толық нұсқаға өту

Астанада лифт құлады: зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді

13.11.2025, 18:46 377

Лифттің салдарынан зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары осылай деп мәлімдеді. 

Зардап шеккендердің лифт компаниясының қызметкері екені анықталды. «Қазір науқастарға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр», - дейді мамандар. 

Бауыржан Ешмұратов, «№ 1 Көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК директорының емдеу-профилактикалық жұмыс жөніндегі орынбасары:

- Мамандар тобы оларды қарсы алып, жағдайлары анықтаған соң, бір науқас жан сақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті емдеу жүргізу үшін ертеңге операцияға дайындап жатырмыз. Екінші науқастың жағдайы орташа. Политравма бөліміне жатқызылды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz