Ташкентте Орталық Азияның мәдениет пен өнер, тарих, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосқан халықаралық конгресс басталды. Жиынға мыңнан астам делегат келді. Ғалымдар бауырлас мемлекеттер арасындағы ортақ мұралар мен болашақта атқарылар жобалар жайлы пікір алмасып, ұсыныстарын жеткізді.
Халықаралық конгресс Ташкент қаласында жаңадан ашылған ислам өркениеті орталығында өтіп жатыр. Қазақстанның ұлттық академиялық кітапханасы су жаңа ғимараттың көрімдігіне деп 60-тан астам кітапты сыйға тартты. Туындылардың дені Абай шығармалары мен қазақ тарихына арналған.
Күміс Сейітова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы директоры:
- Алмастыру бойынша барлық кітапханалармен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі күні 40 астам меморандум бар. Соның аясын кеңейтіп, электоронды форматты дамтып жатырмыз.
Бүгінде әлеуметтік желілерде тарихқа қатысты бұрмалау мен ұлттың намысына тиетін түрлі дағбырт ақпарат қаптап кетті. Бұл тенденция бауырлас елдер арасына сызат түсірері анық. Тарихшылардың бұған қатысты пікірі ортақ. Әрбір оқиға, ғылыми негізде ғана айтылуы тиіс.
Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Бұл сондай бір артық әңгімеге тыйым салуы тиіс. Ғылыми тұрғыдан қарағанда да. Жалпы тарихшылар арасында мұндай жоқ. Тек бірен сараны болмаса.
Конгресс жұмысы төрт күнге жалғасады. Орталық Азия және Әзірбайжанның мәдениет пен өнер, ғылым, тарих, бұқаралық ақпарат құралдары саласының өкілдері өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөліседі.
Тегтер #Орталық Азия #рухани мұра #форумPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz