RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында еңбек озаттары марапатталды

13.11.2025, 22:12 429

Ел дамуына елеулі үлес қосқан жандардың еңбегі еленді. Мемлекет басшысы Қызылорда облысына сапарының қорытындысында бірқатар азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырған болатын. Осыған орай Қызылордада салтанатты жиын өтті. Марапатталғандар қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкер, құрылысшылар және өнер адамдары мен коммуналдық мекеме жұмысшылары бар. 

Осыдан үш жыл бұрын Қызылорда облысының бюджеті 364 млрд теңге болды. Қазір 850 миллиард теңгеден асып отыр. Соңғы төрт жылда өңір экномикасына тартылған инвестиция 233 пайызға артты. Бұл қаражат аймақтың ең өзекті мәселелерін шешіп,  инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды. «Облыста атқарылған жұмыстың нәтижесіне Мемлекет басшысы өңірге сапары барысында оң баға берді», - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

- Президентіміздің Сыр өңірінің даму қарқынына, атқарылған жұмыстарға берген оң бағасы бәріміз үшін зор мәртебе. Барша Сыр жұртшылығының атынан туған жерімізге әрдайым ерекше ықыласымен қолдау білдіріп келе жатқан Мемлекет басшымызға  шынайы алғысымды білдіремін. Мемлекет басшымыз жұмыс сапарының қорытындысында бірқатар жерлесімізді мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырған болатын. Бүгінгі маңызды жиында осы наградаларды табыстаймыз.

Өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан жандарға мемлекеттік награда табысталды. Олардың қатарында мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер, құрылысшылар, өнер адамдары мен коммуналдық мекеме жұмысшылары да бар. Сала үздіктеріне ІІІ дәрежелі «Барыс», ІІ дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» мадальдары табысталды. 

Манарбек Еспенбетов, серіктестік директоры:

- Мектептер, ауруханалар, көптеген нысан салынып жатыр. Біздің істеген жұмысымыздың барлығын бағалап, биыл көрдіңіздер, құрылысшылардың 70-80 пайызы осындай марапатқа ие болды. 

Мұрат Сәрсенбаев, серіктестік директоры:

- Елге деген экономикамызға байланысты, бюджеттің, қандай да болса қолдауына байланысты ел дамыса, өзіміздің мекемелеріміз, қарамағымыздағы адамдарымыз дамытуға осылай атсалысып жатырмыз.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Ақан Әлиев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz