Жыл соңына дейін Мемлекеттік цифрлық активтер қоры іске қосылады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Сонымен қатар цифрлық активтерді реттеуге арналған құқықтық алаң қалыптастырылып жатыр. Жаңа заңда олар қаржы секторының бөлігі ретінде айқындалған. Сондықтан теңгенің үшінші формасы толыққанды төлем құралы болып танылады. Сондай-ақ арнайы бағдарламалау механизмі қосылмақ. Ол бұл қаражатқа тек алдын ала белгіленген тауарды сатып алуға мүмкіндік береді. «Блокчейн технологиясы алаяқтық әрекеттердің де алдын алады», - дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов.
Берік Шолпанқұлов, Қазақстан Ұлттық банкi төрағасының орынбасары:
- Заңда оны толыққанды төлем құралы ретінде танимыз. Яғни ол барлық мақсатта қолданыла алады. Көлік алсаңыз да, баспана алсаңыз да цифрлық теңгемен төлеуге болады. Бұл тіпті басқа төлем түрлеріне қарағанда қауіпсіз болады дер едім. Себебі тұтынушының құқық жақсырақ қорғалады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Цифрлық теңге #Ұлттық банкPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz