RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында шалғай ауылдар ауызсумен қамтылады

14.11.2025, 23:10 375

Қызылорда облысында тұрғындарды орталықтандырылған ауызсумен қамту деңгейі 98,6 пайызға жетті.

Президенттің тапсырмасына сәйкес, биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Осыған орай өңірде 19 елді мекенге сапалы ауызсу жеткізу үшін арнайы жол картасы әзірленген. Жоба аясында 83 шақырым су құбыры тартылып, шамамен 6 мың тұрғын орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Оның ішінде Қазалы ауданының төрт елді мекені бар.

Алмасбек Есмаханов, Қазалы ауданының әкімі:

- Қайтарылған қаражаттардың есебінен қазіргі таңда ауданымызда 5 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде 4-і ауызсу мәселесі бойынша. Біреуі әлеуметтік нысан. Ауданымыздың Сарыбұлақ, Шәкен, Шитүбек, Шилі ауылдарында қазіргі таңда қайтарылған қаражат есебінен 1,5 млрд теңгеге төрт жоба жүзеге асырылды. Шитүбек, Шилі ауылдарын ауызсуға толық қостық. Сарыбұлақ, Шәкен ауылдары қазігі таңда халқы ауызсуды пайдалана бастады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz