RU
Толық нұсқаға өту

Атырау облысында қант диабетіне шалдыққандар көп

14.11.2025, 23:12 454

Атырау облысында қант диабетіне шалдыққан науқас саны өсіп барады. Қазір өңір бойынша 14 мыңға жуық адам есепте тұр.

Оның 595-і биыл тіркелген. Қант диабеті балалардан да көп байқалады,- дейді мамандар. Жыл басынан бері 19 бала есепке тұрған. 38 мыңға тарта тұрғын тіркелген №2 емхананың өзіне осы диагноз бойынша 1000-нан аса науқас келеді. Ақ халаттылар дұрыс тамақтануды қолға алып, үнемі қозғалыста болу керегін ескертеді.

Салтанат Қиялбаева, Қалалық №2 емхананың эндокринолог-дәрігері:

- Жылдан жылға бізде диабет өршіп, көбейіп отыр. Қазіргі ХХІ ғасырдың эпидемиясы деп те айтуға болады. Тұқым қуалауы мүмкін, сонымен қатар қозғалыстың аздығынан, әр түрлі инфекциялық аурулардан, сонымен бірге зиянды әдеттердің әсерінен де болуы мүмкін. Жылына бір рет әркімнің өзінің жергілікті мекен жайы бойынша емханаларына келіп, тексеріліп отыру керек. Қандағы қант мөлшерінің қалыпты жағдайын білуі керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz