Балқаш әуежайын реконструкциялауға қайтарылған активтер есебінен 945 млн теңге бөлінді. Бастама Мемлекет басшысының өңірлік көлік хабтарын дамыту және әуе қатынасы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде қолға алынған.
Нәтижесінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы жақсарып, әуе айлағының негізгі параметрлері халықаралық стандарттарға сәйкестенеді. Сонымен қатар өткізу қабілеті 30% артады. Қазіргі уақытта жұмыстардың едәуір көлемі орындалған.
Руслан Сыздықов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:
- Әуежай толық реконструкцияланып болған соң ішкі бағыттарды қосуды ойластырамыз. Бұл — Балқаш-Алматы, Балқаш-Астана бағыттары. Әуежай жаңғырған соң жолаушылар тасымалын сағатына 60 адамнан 80 адамға дейін арттыруға мүмкіндік туады.
Тегтер #Балқаш #әуежай #қайтарылған активтер #жолаушыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz