RU
Толық нұсқаға өту

Елде алғаш салынатын АЭС-тің атауы анықталды

17.11.2025, 18:02 346

Ол «Балқаш» атом электр станциясы деп аталады. Естеріңізге салайық, Президенттің бастамасымен энергетикалық нысанға атау беру бойынша байқау жарияланған еді.

16 жастан асқан 27 мың 200-ге жуық адам қатысты. Олар 100 атау ұсынған. Алайда 882 азаматтың таңдауы «Балқаш»-қа түскен. «Бұл географиялық орналасуы жағынан халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді», - дейді ұйымдастырушылар. Ал комиссия құрамында қоғам өкілдері, креатив индустрия мамандары мен атом энергетикасы саласының, филология және тарих ғылымдарының сарапшылары болды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz