RU
Толық нұсқаға өту

Ата-аналар Ақтау гарнизонындағы сарбаздардың тұрмыс-тіршілігімен танысты

17.11.2025, 22:52 376

Ақтау гарнизонына жүзден астам сарбаздың ата-анасы барып, мекеменің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Атап айтқанда, казармаларды, оқу корпустарын, жаттығу сыныптарын және ақпараттық-тәрбие жұмысы жүргізілетін бөлмелерді аралады. 

Ерекше шара «Әскер аналар көзімен» акциясы аясында ұйымдастырылған. Теңіз жаяу әскерлерінің туыстарымен Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Серік Борамбаев кездесті. Ол жауынгерлердің тұрмысы мен оқу процесінің ұйымдастырылуы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ үздік сарбаздардың ата-аналарына Отан қорғаушыларды тәрбиелегені үшін алғыс хат пен гүл  табысталды. Шара соңында жауынгерлерге жақындарымен емін-еркін әңгімелесуге жағдай жасау мақсатында ортақ түскі ас ұйымдастырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz