RU
Толық нұсқаға өту

Жетісай ауданындағы өрт: зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

18.11.2025, 17:10 532

Жетісай ауданындағы қайғылы жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды.

Мемлекет басшысы зардап шеккендердің отбасына көңіл айтып, оларға көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына барып, жауаптыларға нақты тапсырма берді. Кейін аудандық ауруханада болып, өрттен зардап шеккендердің жағдайын білді. Қазір өрт шыққан үйде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Еске салайық, бүгін Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. 3 адам эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілген. Қызыл жалын 360 шаршы метр аумақты қамтыды.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz