RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Эстония ұлттық музейінің көрмесі ашылды

18.11.2025, 21:45 380

Бүгін Ұлттық музей төрінде Эстония ұлттық музейінің «Қолмен өрілген қолғап сыры» атты көрмесі ашылды.

Іс-шараға Эстония президенті Алар Карис пен еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі қатысты. Аида Балаеваның айтуынша, бұл экспозиция Қазақстан мен Эстония арасындағы мәдени диалог пен достықтың жарқын символына айнала алады. Қазақстан үшін Эстонияның мәдени мұрасымен танысу ерекше маңызды. Осындай көрмелер ұлттық бірегейліктің жаңа қырларын ашып, шығармашылық диалогқа жол ашады. Өз кезегінде Эстония президенті Алар Карис көрмені ұйымдастырушыларға, сондай-ақ Ұлттық музейге жылы қарсы алғаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. Айта кеткен жөн, эстониялық қолғаптар көрмесі желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Алар Карис, Эстония Президенті:

- Солтүстік халықтары үшін қолғап әрдайым өмірдің табиғи серігі болып келген. Менің ойымша бұл Қазақстанға да тән. Бірақ қолғаптың мағынасы бұдан да терең, бұдан да астарлы. Ғасырлар бойы оған адамның мінезі, өмірге көзқарасы, сұлулықты сезінуі, тіпті отбасының таңбасы мен қорғаушы ишаралары өрнектеліп отырған. Осы көрменің жетекшісі Рээт Пиири ханымға және оның тобына, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық музейіне алғысымды айтамын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz