RU
Толық нұсқаға өту

Елордада «Qazaq Inclusive Theatre» құрылды

18.11.2025, 23:30 359

Елордада «Kozimnin Qarasi» қазақстандық мүгедектер қоғамдық бірлестігі жанынан «Qazaq Inclusive Theatre» құрылды.

Ондағы мақсат ерекше адамдардың шығармашылық әлеуетін ашып, олардың қоғаммен байланысын нығайту. Өнер ордасында 20-дан астам дарынды жастар жұмыс істейді. Театр шымылдығы қос жанарынан айырылса да, 100 баланы қамқорлығына алған ерекше жан  Жүзбай Серіктің «Жоламан» атты музыкалық драмасымен ашылды. Бұл шығарма қоғамда тастанды балалардың азаюына және жасанды түсіктің алдын алуға ой тастайды. Өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие береді.

Айбек Алтынбекұлы, Қазақ инклюзивті театрының актері:

- Мен осы театрға келгеніме өте қуаныштымын. Бұл театр менің өмірімдегі алғашқы қадамым болып есептеледі. Өйткені бұған дейін мен әнші болдым. Осындай рольді ойнау мен үшін үлкен мәртебе. Бұл рөлді ойнау қатты қиындық туғызып жатқан жоқ деп ойлаймын.

Жүзбай Серік, Қазақ инклюзивті театрының негізін қалаушы:

- Статистика бойынша 800 мыңдай ерекше жан бар екен. Соның 60 пайызы жұмысқа икемді болса, соның 30 пайызы жұмыспен қамтылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz