RU
Толық нұсқаға өту

Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданды

19.11.2025, 17:09 351

Биыл ауыл шаруашылығы саласында 8,1 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Азық-түлік тоғыз пайызға ұлғайып, 3,1 трлн теңгеге жетсе, агросектор тауарларының экспорты 4,7 млрд долларға дейін өсті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. 

Ведомства басшысы Президенттің қабылдауында болып, алғашқы он айда негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика байқалатынын айтты. Агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру 1 трлн теңгеге артып, оның 250 млрд теңгесі жеңілдетілген лизинг арқылы техника алуға бағытталған. Нәтижесінде 25 мыңнан астам техника сатып алынып, машина-трактор паркінің тозу көрсеткіші 70 пайызға төмендеді. Одан бөлек, Президент тапсырмасына сәйкес мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданғанын баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударып, бірқатар міндет жүктеді. 

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Егін жинау сәтті аяқталды. 27 млн тонна астық қамбаға құйылды. Республика бойынша орташа өнім гектарына 17 центнерді құрайды. Экспортты айтатын болсақ, экспорт көлемі де ұлғайып жатыр. 4,7 АҚШ долларына жетті. Мал шаруашылығының мақсаты - малдың санын көбейтіп, сапасын жақсарту. Осыған көңіл бөлінеді. Одан басқа шаруашылық цифрландыру системасы туралы да айтылды.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz